Доксилан в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению доксилана в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток доксилана, взаимодействие с другими лекарствами, применение доксилана (таблетки) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Доксилан®
Международное название: Доксициклин
Лекарственная форма: Таблетки 100 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J01 Антибактериальные средства для системного применения
J01A Тетрациклины
J01A A Тетрациклины
Фарм. группа:
Антибактериальные препараты для системного использования. Тетрациклины. Доксициклин. Код АТХ J01AA02
Условия хранения:
Хранить в сухом, защищенном от света месте, при температуре не выше 25 0С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
5 лет. Не применять после истечения срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Таблетки круглой формы, с двояковыпуклой поверхностью, желтого цвета, с риской на одной стороне.

Состав доксилана в таблетках

Одна таблетка содержит
Бір таблетканың құрамында

Активное вещество доксилана

115,4 мг доксициклина хиклата (эквивалентно 100 мг доксициклина)
115,4 мг доксициклин хиклаты (100 мг доксициклинге баламалы)

Вспомогательные вещества в доксилане

целлюлоза микрокристаллическая, натрия крахмала гликолят (тип А), лактозы моногидрат, крахмал кукурузный, кремния диоксид коллоидный безводный, масло касторовое гидрогенизированое, магния стеарат
микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликоляты (А типі), лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, гидрогенделген майсана майы, магний стеараты

Показания к применению таблеток доксилана

Инфекционно-воспалительные заболевания, вызванные чувствительными к препарату микроорганизмами:
  • инфекции дыхательных путей, в том числе фарингит, бронхит острый, обострение хронической обструктивной болезни легких, трахеит, бронхопневмония, долевая пневмония, внебольничная пневмония, абсцесс легкого, эмпиема плевры;
  • инфекции ЛОР-органов, в том числе отит, синусит, тонзиллит;
  • инфекции мочеполовой системы: цистит, пиелонефрит, бактериальный простатит, уретрит, уретроцистит, урогенитальный микоплазмоз, острый орхиэпидидимит; эндометрит, эндоцервицит и сальпингоофиорит в составе комбинированной тератии; в том числе инфекции, передающиеся половым путем: урогенитальный хламидиоз, сифилис у пациентов с непереносимостью пенициллинов, неосложненная гонорея (как альтернативная терапия), паховая гранулема, венерическая лимфогранулема;
  • инфекции желудочно-кишечного тракта и желчевыводящих путей (холера, иерсиниоз, холецистит, холангит, гастроэнтероколит, бациллярная и амебная дизентерия, диарея "путешественников");
  • инфекции кожи и мягких тканей (включая раневые инфекции после укуса животных), тяжелая угревая болезнь (в составе комбинированной терапии);
  • другие заболевания: фрамбезия, легионеллез, хламидиоз различной локализации (в т.ч. простатит и проктит), риккетсиоз, лихорадка Ку, пятнистая лихорадка Скалистых гор, тиф (в т.ч. сыпной, клещевой возвратный), болезнь Лайма (I ст. - erythema migrans), туляремия, чума, актиномикоз, малярия; инфекционные заболевания глаз, в составе комбинированной терапии – трахома; лептоспироз, пситтакоз, орнитоз, сибирская язва (в т.ч. легочная форма), бартонеллез, гранулоцитарный эрлихиоз; коклюш, бруцеллез, остеомиелит; сепсис, подострый септический эндокардит, перитонит;
  • профилактика послеоперационных гнойных осложнений;
  • малярии, вызванной Plasmodium falciparum, при кратковременных путешествиях (менее 4 мес) на территории, где распространены штаммы, устойчивые к хлорохину и/или пириметамин-сульфадоксину.
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған жұқпалы-қабыну ауруларында:
  • тыныс алу жолдарының жұқпаларында, соның ішінде фарингитте, жедел бронхитте, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуінде, трахеитте, бронхопневмонияда, бөліктік пневмонияда, ауруханадан тыс пневмонияда, өкпе абсцесінде, плевра эмпиемасында;
  • ЛОР-ағзалардаң жұқпаларында, соның ішінде отитте, синуситте, тонзиллитте;
  • несеп-жыныс жүйесінің жұқпаларында: циститте, пиелонефритте, бактериялық простатитте, уретритте, уретроциститте, урогенитальді микоплазмозда, жедел орхиэпидидимитте; эндометритте, эндоцервицитте және сальпингоофиоритте біріктірілген ем құрамында; соның ішінде жыныстық жолмен берілетін жұқпаларда: урогенитальді хламидиозда, пенициллиндерді көтере алмаушылығы бар емделушілердегі мерезде, асқынбаған созда (баламалы ем ретінде), шап гранулемасында, венерологиялық лимфогранулемада;
  • асқазан-ішек жолы мен өт шығару жолдарының жұқпаларында (тырысқақ, иерсиниоз, холецистит, холангит, гастроэнтероколит, бациллярлық және амебалық дизентерияда, "саяхатшылар" диареясында);
  • тері мен жұмсақ тіндердің жұқпаларында (жәндіктер шаққаннан кейінгі жарақатты жұқпаларды қоса), ауыр безеу ауруында (біріктірілген ем құрамында);
  • басқа ауруларда: фрамбезияда, легионеллезде, орналасуы әр түрлі хламидиозда (соның ішінде простатит және проктит), риккетсиозда, Ку қызбасында, Жартас таулар дақты қызбасында, сүзекте (соның ішінде бөртпе, қайтымды кене сүзегі), Лайм ауруында (I сатысы - erythema migrans), туляремияда, обада, актиномикозда, малярияда; көздің жұқпалы ауруларында, біріктірілген ем құрамында – трахомада; лептоспирозда, пситтакозда, орнитозда, сібір жарасында (соның ішінде өкпелік түрі), бартонеллезде, гранулоцитарлық эрлихиозда; көкжөтелде, бруцеллезде, остеомиелитте; сепсисте, жеделге жуық сепсистік эндокардитте, перитонитте;
  • операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын алуда;
  • Plasmodium falciparum туғызған малярияда, хлорохинге және/немесе пириметамин-сульфадоксинге төзімді штамдар таралған аумақтағы қысқа мерзімді саяхаттар кезінде (4 айдан аз).

Противопоказания доксилана в таблетках

  • повышенная чувствительность к тетрациклинам и любому из компонентов препарата
  • детский возраст (до 8 лет)
  • беременность и период лактации
  • порфирия
  • лейкопения
  • тяжелая печеночная и\или почечная недостаточность
  • тетрациклиндерге және препарат компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық
  • балаларға (8 жасқа дейін)
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • порфирия
  • лейкопения
  • бауырдың және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

Побочные действия таблеток доксилана

Часто (от > 1/100 до < 1/10)
  • тошнота, изжога, рвота, анорексия, метиоризм, диарея
  • головная боль, головокружение, вестибулярные нарушения
Нечасто (от > 1/1,000 до < 1/100)
  • глоссит, дисфагия, фарингит, охриплость, затруднение глотания
  • фотосенсибилизация (при солнечном облучении кожи: покраснение, отек, образование пузырей, изменение цвета кожи)
  • макулопапулезная и эритематозная сыпь
  • аллергические реакции, генерализованная экзантема, эритема, крапивница, отек Квинке, анафилаксия, анафилактоидная пурпура, обострение системной красной волчанки кожный зуд, мультиформная экссудативная эритема, обратимые местные отеки кожи, слизистых оболочек или суставов (ангионевротический отек), астма, анафилактический шок, стойкая лекарственная сыпь на половых органах и других участках тела, реакция, подобная сывороточной болезни, сопровождаемая лихорадкой, головными болями и болями в суставах
  • перикардит
  • замедление остеогенеза, нарушение нормального развития зубов у детей
  • нарушения свертывания крови и гематурия
  • кандидоз кожи и слизистых оболочек (особенно, половых органов и слизистых оболочек рта и кишечника), сопровождаемое такими симптомами как воспаление слизистой оболочки рта и глотки (стоматит, глоссит), острые воспаления наружных половых органов и влагалища у женщин (вульвовагинит), а также зуд в анальной области (Pruritus ani)
Редко (от > 1/10,000 до < 1/1000)
  • повышение внутричерепного давления, проявляющееся в виде головных болей, тошноты, рвоты и нарушения зрения вследствие отека диска зрительного нерва
  • фототоксические реакции с изменениями со стороны ногтей – отделение ногтя от ногтевого ложа и изменение цвета ногтевой пластины
  • лейкопения, лейкоцитоз, тромбоцитопения, анемия, лимфоцитопения, лимфаденопатия, атипичные лимфоциты и токсическая зернистость гранулоцитов
  • поражение печени, панкреатит
  • нефротоксические поражения, обострение уже имеющихся нарушений функций почек, интерстициальный нефрит, острая почечная недостаточность, анурия
  • тяжелые острые симптомы гиперчувствительности, такие как, отек лица, набухание языка, внутренний отек гортани с сужением дыхательных путей, учащенное сердцебиение, удушье (одышка), падение артериального давления вплоть до шока и остановки сердца
  • эксфолиативный дерматит, синдром Лайелла
  • парестезии, тахикардия, миалгии, артралгии, беспокойство, состояние страха
  • нарушение или потеря обонятельного и вкусового ощущения
Очень редко (< 1/10,000)
  • энтероколит, псевдомембранозный колит
  • воспаление в ректальной и/или генитальной области
  • увеличение остаточного азота мочевины, обусловленное антианаболи -ческим эффектом препарата
  • близорукость, миопия
  • эпилептические припадки
Жиі (> 1/100 - < 1/10)
  • жүрек айнуы, қыжыл, құсу, анорексия, метиоризм, диарея
  • бас ауыруы, бас айналуы, вестибулярлық бұзылулар
Жиі емес ( > 1/1,000 - < 1/100)
  • глоссит, дисфагия, фарингит, қырылдау, жұтынудың қиындауы
  • фотосенсибилизация (теріге күн сәулесі әсер еткенде: қызару, ісіну, күлдіреуіктердің түзілуі, тері түсінің өзгеруі)
  • макулопапулездік және эритематоздық бөртпе
  • аллергиялық реакциялар, жайылған экзантема, эритема, есекжем, Квинке ісінуі, анафилаксия, анафилактоидтық пурпура, жүйелі қызыл жегінің өршуі, терінің қышынуы, мультиформалы экссудативтік эритема, терінің, шырышты қабықтардың немесе буындардың қайтымды жергілікті ісінулері (ангионевротикалық ісіну), демікпе, анафилактикалық шок, жыныс мүшелері мен дененің басқа жерлеріндегі тұрақты дәрілік бөртпе, қызбамен, бас ауыруымен және буындардың ауруымен қатар жүретін сарысу құю ауруына ұқсас реакция
  • перикардит
  • остеогенездің баяулауы, балалардағы тістердің қалыпты дамуының бұзылуы
  • қан ұюының бұзылулары және гематурия
  • тері мен шырышты қабықтардың кандидозы (әсіресе, жыныс мүшелері мен ауыз бен ішектің шырышты қабықтарының), ауыз бен жұтқыншақтың шырышты қабығының (стоматит, глоссит), әйелдердегі сыртқы жыныс мүшелері мен қынаптың жедел қабынулары (вульвовагинит), сондай-ақ анус маңы қышынуы (Pruritus ani) сияқты симптомдармен қатар жүретін
Сирек (> 1/10,000 - < 1/1000)
  • бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу және көру жүйкесі дискісінің ісінуі салдарынан көрудің бұзылулары түрінде білінетін бассүйекішілік қысымның жоғарылауы
  • тырнақ тарапынан болатын өзгерістермен фотоуытты реакциялар – тынақтың тырнақ көбесінен ажырап кетуі және тырнақ пластинасы түсінің өзгеруі
  • лейкопения, лейкоцитоз, тромбоцитопения, анемия, лимфоцитопения, лимфаденопатия, атипиялық лимфоциттер және гранулоциттердің уытты түйіршіктілігі
  • бауырдың зақымдануы, панкреатит
  • нефроуытты зақымданулар, бүйрек функцияларының бұрыннан бар бұзылуларының өршуі, интерстициальді нефрит, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, анурия
  • беттің ісінуі, тілдің домбығып кетуі, тыныс жолдарының тарылуымен көмейдің ішкі ісінуі, жүректің жиі соғуы, тұншығу (ентігу), артериялық қысымның шокқа және жүректің тоқтап қалуына дейін түсіп кетуі сияқты аса жоғары сезімталдықтың ауыр жедел симптомдары
  • эксфолиативтік дерматит, Лайелл синдромы
  • парестезиялар, тахикардия, миалгиялар, артралгиялар, мазасыздық, қорқу жағдайлары
  • иіс және дәм сезудің бұзылуы немесе жоғалуы
Өте сирек (< 1/10,000)
  • энтероколит, жалғанжарғақшалы колит
  • ректальді және/немесе гениталий аймағының қабынуы
  • препараттың антианаболикалық әсерінен болған қалдықтық мочевина азотының артуы
  • алыстан көрмеу, миопия
  • эпилепсия ұстамалары

Особые указания к применению

В случае длительного лечения при дозе более 300 мг в сутки следует проверять функцию почек и состав крови.

Пациенты должны знать, что солнечный свет или УФ-излучение может вызвать реакцию фоточувствительности при лечении тетрациклинами. Лечение следует прекратить при первом появлении эритемы на коже.

У пациентов с нарушением функции почек снижение дозы не требуется.

Использование антибиотиков иногда может привести к чрезмерному росту нечувствительных организмов, которые могут привести к суперинфекции. Следует начать соответствующее лечение.

В случае тяжелой и постоянной диареи следует учитывать псевдомембранозный колит, вызванный антибиотиками, который может быть опасным для жизни. Таким образом, прием лекарственного средства следует немедленно прекратить, и начать соответствующую терапию (например, ванкомицином). Препараты, вызывающие перистальтиику, противопоказаны.

С осторожностью применять у пациентов с нарушением функции печени.

Применение у детей
Как и другие тетрациклины, доксициклин образует устойчивый комплекс кальция в тканях, формирующих кости. У недоношенных детей, принимавших перорально тетрациклин в дозе 25 мг/кг массы тела, наблюдался замедленный рост малоберцовой кости, который появлялся после прекращения приема препарата. Использование тетрациклинов во время прорезывания зубов (вторая половина беременности и период детства до 8 лет) может вызвать необратимое изменение цвета зубов (желто-серо-коричневый цвет). Этот побочный эффект наблюдался чаще при длительном лечении по сравнению с краткосрочным лечением. Также отмечалась гипоплазия зубной эмали. Применение доксициклина в этой группе пациентов противопоказано. Тем не менее, в этой группе пациентов доксициклин может использоваться при лечении сибирской язвы или язвы из-за ингаляции. Таблетки «Доксилан» 100 мг содержат лактозу. Пациентам с редкими наследственными нарушениями, такими как непереносимость лактозы, дефицитом лактазы Лаппа или нарушением всасывания глюкозы-галактозы, не следует принимать данный препарат.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
В редких случаях наблюдалась временная близорукость при лечении тетрациклинами, что может привести к нарушению безопасности при вождении автотранспорта и управлении механизмами.
Тәулігіне 300 мг асатын дозада ұзақ уақыт емдеген жағдайда бүйрек функциясы мен қан құрамын тексеру керек.

Емделушілер күн сәулесі немесе УК-сәуленің тетрациклиндермен емдеу кезінде фотосезімталдық реакциясын туғызуы мүмкін екенін білуі тиіс. Емдеуді теріде алғаш эритема пайда болған кезде тоқтату керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілерде дозасын төмендету қажет емес.

Антибиотиктерді пайдалану кейде супержұқпаға алып келуі мүмкін сезімтал емес организмдердің шамадан тыс көбеюіне алып келуі мүмкін. Сәйкесінше емді бастау керек.

Ауыр және тұрақты диарея жағдайында антибиотиктерден туындайтын жалғанжарақшалы колитті ескеру керек, ол өмір үшін қауіпті болуы мүмкін. Осылайша, дәрілік затты қабылдауды дереу тоқтату және сәйкесінше емдеуді (мысалы, ванкомицинмен) бастау керек. Перистальтиканы туғызатын препараттар қарсы көрсетілімді.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде сақтықпен қолдану керек.

Балаларда қолданылуы
Басқа тетрациклиндер сияқты, доксициклин сүйекті қалыптастыратын тіндерде кальцийдің тұрақты кешенін түзеді. Тетрациклинді кг дене салмағына 25 мг дозада пероральді қабылдаған шала туылған балаларда кіші жіліншік сүйегі өсуінің баяулағаны байқалған, ол препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін пайда болған.

Тіс жарып жүрген кезде тетрациклиндерді пайдалану (жүктіліктің екінші жартысы және 8 жасқа дейінгі балаларға) тістердің түсінің қайтымсыз өзгеруін (сары-сұр-қоңыр түсті) тудыруы мүмкін. Бұл жағымсыз әсері қысқа мерзімді еммен салыстырғанда ұзақ емдеуде жиі байқалған. Сондай-ақ тіс эмалінің гипоплазиясы байқалған. Доксициклинді емделушілердің бұл тобына қолдану қарсы көрсетілімді.
Дегенмен, емделушілердің бұл тобында доксициклинді сібір жарасын немесе ингаляциядан болған ойық жараны емдеуде пайдалануға болады.

«Доксилан» 100 мг таблеткаларының құрамында лактоза бар. Лактозаны көтере алмаушылық сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары, Лапп лактаза тапшылығы бар немесе глюкоза-галактозаның сіңуі бұзылған емделушілерге бұл препаратты қолданбау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Сирек жағдайларда тетрациклиндермен емдеу кезінде уақытша алыстан көрмеу байқалған, бұл автокөлік жүргізуде және механизмдерді басқаруда қауіпсіздіктің бұзылуына алып келуі мүмкін.

Дозировка и способ применения

Доза доксилана зависит от тяжести течения инфекции и чувствительности микроорганизма к препарату.

Таблетки 100 мг следует принимать в дневное время, во время приема пищи, запивая достаточным количеством жидкости.

Взрослым и детям с массой тела больше 50 кг в первый день лечения назначают 200 мг в сутки в один или 2 приема, в последующие дни лечения - 100-200 мг в сутки в зависимости от тяжести клинического течения инфекции.

Детям старше 8 лет с массой тела менее 50 кг в первый день лечения назначают суточную дозу из расчета 4 мг/кг в один прием, в последующие дни лечения - 2-4 мг/кг в сутки в зависимости от тяжести клинического течения инфекции.

Длительность терапии зависит от течения заболевания и назначается врачом. Средняя длительность терапии составляет 5-21 день.

При лечении доксициклином инфекции, вызванной β-гемолитическим стрептококком, подтвержденной бактериологически, длительность лечения составляет минимально 10 дней для предотвращения поздних осложнений, таких как ревматическая лихорадка или гломерулонефрит.

При особых заболеваниях
  • Болезнь Лайма I-ой стадии: 200 мг ежедневно в течение 10-20 дней.
  • Острая гонококковая инфекция у женщины: 200 мг ежедневно в течение не менее 7 дней.
  • Острый орхоэпидидимит, вызванный хламидией Трахоматис или гонореей Нейссерия: 200 мг ежедневно в течение не менее 10 дней
  • Первичный и вторичный сифилис: 300 мг ежедневно в течение не менее 10 дней
  • Профилактика и лечение сибирской язвы. Взрослые: 100 мг два раза в сутки в течение 60 дней. Дети с массой тела до 45 кг: 2,2 мг/кг массы тела два раза в сутки в течение 60 дней. Детям старше 8 лет с массой тела более 50 кг – до 200 мг
  • Гонорея: при лечении неосложненных гонококковых уретритов женщинам доксилан назначают по 200 мг в сутки в среднем 5 дней, мужчинам - 200-300 мг в сутки в течение 2-4 дней.
Максимальная суточная доза – 300 мг.
Доксиланның дозасы жұқпа ағымының ауырлығына және микроорганизмнің препаратқа сезімталдығына байланысты.

100 мг таблеткаларды күндізгі уақытта, ас ішу кезінде, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп қабылдау керек.

Ересектер мен дене салмағы 50 кг асатын балаларға емдеудің бірінші күні тәулігіне бір немесе 2 қабылдауға 200 мг, емдеудің келесі күндері – жұқпаның клиникалық ағымының ауырлығына байланысты тәулігіне 100-200 мг тағайындайды.

Дене салмағы 50 кг аз, 8 жастан асқан балаларға емдеудің бірінші күні тәуліктік дозасын бір қабылдауға 4 мг/кг есебінен, емдеудің келесі күндері – жұқпаның клиникалық ағымының ауырлығына байланысты тәулігіне 2-4 мг/кг тағайындайды.

Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және дәрігер тағайындайды. Емдеудің орташа ұзақтығы 5-21 күнді құрайды.

Бактериологиялық тұрғыдан расталған β-гемолитикалық стрептококк туғызған жұқпаны доксициклинмен емдеу кезінде, ревматизмдік қызба немесе гломерулонефрит сияқты кешеуілдеген асқынуларды болдырмау үшін, емдеу ұзақтығы кем дегенде 10 күнді құрайды.

Ерекше аурулар кезінде
  • I сатыдағы Лайм ауруы: 10-20 күн бойы күн сайын 200 мг.
  • Әйелдердегі жедел гонококтық жұқпа: кемінде 7 күн бойы күн сайын 200 мг.
  • Трахоматис хламидиясы немесе Нейссерия созынан туындаған жедел орхоэпидидимит: кемінде 10 күн бойы күн сайын 200 мг
  • Бастапқы және салдарлы мерез: кемінде 10 күн бойы күн сайын 300 мг
  • Сібір жарасының алдын алу және емдеу. Ересектер: 60 күн бойы тәулігіне екі рет 100 мг. Дене салмағы 45 кг дейінгі балаларға: 60 күн бойы тәулігіне екі рет кг дене салмағына 2,2 мг. Дене салмағы 50 кг асатын 8 жастан асқан балаларға – 200 мг дейін.
  • Соз: асқынбаған гонококтық уретриттерді емдеуде әйелдерге доксиланды орташа алғанда 5 күн бойы тәулігіне 200 мг-ден тағайындайды, ерлерге - 2-4 күн бойы тәулігіне 200-300 мг.
Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 300 мг.

Взаимодействие с лекарствами

Всасывание:
Молоко, молочные продукты, антациды, содержащие алюминий, кальций, магний, а также соли железа и препараты висмута могут привести к снижению всасывания доксициклина, и поэтому их не следует принимать одновременно. Аниониты (холестирамин, холестипол) следует принимать через 2 часа после приема доксилана, так как они могут ухудшать рассасывание доксициклина.

Метаболизм:
Долгосрочный прием фермент-индуцирующих препаратов, таких как карбамазепин, фенитоин, барбитуратов, примидона или рифампицина, может ускорить метаболизм доксициклина в печени и может привести к сокращению концентрации в плазме. То же самое относится и к хроническому алкоголизму.

Доксициклин может увеличить гипогликемическое действие пероральных противодиабетических препаратов.

Одновременное применение тетрациклина с оральными контрацептивами может привести к снижению их контрацептивного эффекта.

Тетрациклины могут ингибировать метаболизм секале-алкалоидов в печени, в единичных случаях возможна эрготизма со спазмами сосудов и гипоперфузией.

Доксициклин не следует использовать с другими потенциальными гепато- и нефротоксическими веществами, так как они могут оказать негативное воздействие на почки.

Так как бактериостатические антибиотики могут препятствовать бактерицидному действию бета-лактамных антибиотиков, их сопутствующий прием не является полезным.

Одновременное применение доксициклина с метотрексатом может увеличить его токсичность.

Доксициклин может повысить токсическое действие иммуносупрессивного действующего агента циклоспорина.

Всасывание дигитоксина может быть уменьшено одновременным приемом тетрациклинов.

Нервно-мышечное ингибирование неполяризационными миорелаксантами (например, тубокурарином и галламином) может быть увеличено.

Одновременное применение теофиллина и тетрациклина может увеличить частоту желудочно-кишечных побочных эффектов.

Доксициклин может фальсифицировать анализ белка в моче, сахара и уробилиногена, а также выявление катехоламинов в моче.

Незадолго до, во время или после лечения акне изотретиноином доксициклин не следует использовать, так как агенты редко вызывают обратимое повышение внутричерепного давления (псевдоопухоль мозга).

Коагуляция:
Тетрациклины угнетают активность протромбина плазмы и увеличивают активность антикоагулянтов. В случае одновременного применения антикоагулянтов может потребоваться снижение их дозы.
Сіңуі:
Сүт, сүт өнімдері, құрамында алюминий, кальций, магний, сондай-ақ темір тұздары бар антацидтер және висмут препараттары доксициклиннің сіңуінің төмендеуіне алып келуі мүмкін, және сондықтан да оларды бір мезгілде қабылдамау керек. Аниониттерді (холестирамин, холестипол) доксиланды қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек, өйткені олар доксициклиннің сіңуін нашарлатуы мүмкін.

Метаболизмі:
Карбамазепин, фенитоин сияқты фермент-индукциялайтын препараттарды, барбитураттарды, примидон немесе рифампицинді ұзақ уақыт қабылдау, доксициклиннің бауырдағы метаболизмін жеделдетуі және плазмадағы концентрациясының азаюына алып келуі мүмкін. Бұл созылмалы маскүнемдікке де қатысты.

Доксициклин диабетке қарсы пероральді препараттардың гипогликемиялық әсерін арттыруы мүмкін.

Тетрациклинді оральді контрацептивтермен бір мезгілде қолдану олардың контрацептивтік әсерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Тетрациклиндер бауырдағы секале-алкалоидтардың метаболизмін тежеуі мүмкін, жекелеген жағдайларда тамырлардың түйілулерімен және гипоперфузиямен эрготизм болуы мүмкін.

Доксициклинді басқа гепато- және нефроуыттылығы зор заттармен пайдаланбау керек, өйткені олар бүйрекке жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Бактериостатикалық антибиотиктер бета-лактамдық антибиотиктердің бактерицидтік әсеріне кедергі жасауы мүмкін болғандықтан, оларды қатарлас қабылдау пайдалы болып табылмайды.

Доксициклинді метотрексатпен бір мезгілде қолдану оның уыттылығын арттыруы мүмкін.

Доксициклин циклоспориннің иммуносупрессивті әсер етуші агентінің уытты әсерін арттыруы мүмкін.

Дигитоксиннің сіңуі тетрациклиндерді бір мезгілде қабылдаудан азаюы мүмкін.

Жүйке-бұлшықеттің поляризацияланбайтын миорелаксанттармен (мысалы, тубокураринмен және галламинмен) тежелуі артуы мүмкін.

Теофиллин мен тетрациклинді бір мезгілде қолдану асқазан-ішектік жағымсыз әсерлерінің жиілігін арттыруы мүмкін.

Доксициклин несептегі ақуыз, қант және уробилиноген талдауын, сондай-ақ несептегі катехоламиндердің анықталуын фальсификациялауы мүмкін.

Акнені изотретиноинмен емдеуден біраз бұрын, емдеу кезінде немесе кейін доксициклинді пайдаланбау керек, өйткені агенттер сирек жағдайда бассүйекішілік қысымның (мидың жалған ісігі) қайтымды жоғарылауын туғызады.

Коагуляция:
Тетрациклиндер плазма протромбинінің белсенділігін бәсеңдетеді антикоагулянттардың белсенділігін арттырады. Антикоагулянттарды бір мезгілде қолданған жағдайда олардың дозасын төмендету керек.

Передозировка доксиланом в таблетках

Симптомы: усиление побочных действий препарата, сильная передозировка влечет за собой повреждение печени, которое может сопровождаться панкреатитом, увеличение протромбинового времени.

Лечение: при передозировке препарата необходимо провести промывание желудка. Показано применение активированного угля в течение первых 6 часов после приема препарата и симпоматическая терапия. Перитонеальный диализ и гемодиализ малоэффективны.
Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі, қатты артық дозалануының арты панкреатитпен қатар жүруі мүмкін бауырдың зақымдануына апарып соқтырады, протромбиндік уақыттың артуы.

Емі: препарат артық дозаланған кезде асқазанды шаюды жүргізу қажет. Препаратты қабылдағаннан кейін алғашқы 6 сағат ішінде белсендірілген көмірді қолдану және симпоматикалық ем. Перитонеальді диализ бен гемодиализдің тиімділігі аз.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Быстро и практически полностью всасывается в желудочно-кишечном тракте. Всасывание почти не зависит от приема пищи. Доксициклин обнаруживается в плазме крови уже через 15-45 минут после приема однократной дозы. Максимальная концентрация достигается через 1,5-3 часа. Связывание с белками плазмы составляет 80-95%. Распределяется в тканях и жидкостях организма. Период полураспада доксициклина составляет 16-18 часов. Выводится в неизмененном виде с мочой (40%) и калом.
Асқазан-ішек жолында жылдам және толығымен сіңеді. Сіңуі ас ішуге мүлдем байланыссыз деуге болады. Доксициклин қан плазмасында бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін 15-45 минуттан соң-ақ анықталады. Ең жоғарғы концентрациясына 1,5-3 сағаттан соң жетеді. Плазма ақуыздарымен байланысы 80-95% құрайды. Организмнің тіндері мен сұйықтықтарында таралады. Доксициклиннің жартылай ыдырау кезеңі 16-18 сағатты құрайды. Өзгеріссіз күйде несеппен (40%) және нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамика

Доксилан - полусинтетический антибиотик группы тетрациклинов широкого спектра действия, оказывающий бактериостатическое действие за счет подавления синтеза белка возбудителей.

Активен в отношении грамположительных микроорганизмов:

аэробных кокков - Staphylococcus spp. (в том числе, продуцирующих пенициллиназу), Streptococcus spp. (в том числе S. pneumoniae),

аэробных спорообразующих бактерий - Bacillus anthracis,

аэробных неспорообразующих бактерий - Listeria monocytogenes,

анаэробных спорообразующих бактерий - Clostridium spp.

Активен также в отношении грамотрицательных микроорганизмов:

аэробных кокков - Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis,

аэробных бактерий - Escherichia coli, Shigella spp., Salmonella spp., Enterobacter spp., Klebsiella spp., Brucella spp., Haemophilus influenzae, Bordetella pertussis.

Препарат активен также в отношении Klebsiella spp., Treponema spp., Mycoplasma spp. и Chlamydia spp.
Доксилан – әсер ету ауқымы кең тетрациклиндер тобына жататын, қоздырғыштардың ақуыз синтезін бәсеңдетудің есебінен бактериостатикалық әсер беретін полусинтетикалық антибиотик.

Грамоң микроорганизмдерге қатысты белсенді:

аэробты коктарға - Staphylococcus spp. (соның ішінде, пенициллиназаны өндіретін), Streptococcus spp. (соның ішінде S. pneumoniae),

аэробты спора түзетін бактерияларға - Bacillus anthracis,

аэробты спора түзбейтін бактерияларға - Listeria monocytogenes,

анаэробты спора түзетін бактерияларға - Clostridium spp.

Грамтеріс микроорганизмдерге қатысты да белсенді:

аэробты коктарға - Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis,

аэробты бактерияларға - Escherichia coli, Shigella spp., Salmonella spp., Enterobacter spp., Klebsiella spp., Brucella spp., Haemophilus influenzae, Bordetella pertussis.

Препарат Klebsiella spp., Treponema spp., Mycoplasma spp. және Chlamydia spp. қатысты да белсенді.

Упаковка и форма выпуска

По 10 таблеток помещают в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой печатной лакированной. По 1 контурной упаковке вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в пачку из картона.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.